BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағандыда жыл басынан бері жол апатынан 161 адам қаза тапқан

Фото: интернеттен

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Аймақта жол көлік оқиғасы салдарынан қаза табатындар мен зардап шегетіндердің қатары азаймай тұр. Осы жылдың 10 айында облыста 457 жол көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 161 адам көз жұмып, 558 адам жарақат алған. Өткен жылмен салыстырғанда қаза болғандардың саны 36,4 пайызға артқан.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тас жолдағы апаттардың көпшілігі жеңіл көлік жүргізушілерінің салғырттығынан болады.

«Жол көлік оқиғаларының көпшілігі жылдамдықты асыру, жолдың қарсы бетіне шығу, ішімдік ішкен күйде рульге отыру сияқты себептерден орын алады», - дейді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Жүргізушілердің жол ережесін сақтап, жол апаттарының санын азайту, мақсатында 14-16 қараша аралығында Қарағанды облысының аумағында республикалық жедел профилактикалық «Қауіпсіз жол» шарасы өтеді. Акция аясында жол-патрульдік полициясына құқық қорғау органдарының басқа бөлімдерінің қызметкерлері де көмекке келеді. Бұл күндері жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен транспорттық мекеме өкілдері бірлесе қоғамдық көлік пен жүк көлігі жүргізушелерінің жол ережесін бұзу жағдайларын анықтайтын болады.

«Жол апаттарының санын азайту үшін арнайы шаралар өткізудің тиімділігі жоғары екенін тәжірибе көрсеткен. Сондықтан да жыл сайын «Қауіпсіз жол» шарасын өткіземіз. Қарағанды облысының Полиция департаменті көлік тізгіндеген жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жол ережесін бұзбауларын сұрайды. Жолдағы қателіктер сіз бен басқа да адамдардың өміріне қауіп төндіретінін ұмытпаңыздар», - деді Құдияров.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер