BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағандыда үш басқарманың басшысы ауысты

Фото: gorod24.online

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов кадрлық тағайындаулар жасады. 2004 жылғы Жазғы олимпиаданың қола жүлдегері Дмитрий Карпов Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне кірісті, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Актив жиынында облыс әкімі бірден 3 басқарманың басшыларын таныстырды. Конкурстық таңдау арқылы Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі болып Апақашов Сағынжан Апақашұлы, Ветеринария басқармасының жетекшісі болып Тұрсынбеков Қайырбек Серікұлы; Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі болып Карпов Дмитрий Васильевич тағайындалды.

Облыс әкімі жаңадан тағайындалған басқарма басшылары алдында тұрған жаңа міндеттерді атап өтті.

«Ауыл шаруашылығы саласында инвестиция мен еңбек өндірісін, экспорт потенциалын арттыру және инфляциялық үрдістерді бақылау қажет. Ветеринария саласындағы басты мәселе – жануарларды сәйкестендіру, және де мал ауруларының алдын алу бойынша жұмыстарды күшейту. Ал, спорттағы басты мәселе – легионерлердің аз болғанын қалар едім, жергілікті спортшылар көп болса деймін. Қомақты қаржы жұмсаймыз, сондықтан осы бағытта жұмыс жасау керек. Ол үшін бүгіннен бастап балалар мен жеткіншектер спортын дамыту керек», - деді Ерлан Қошанов.

Сағынжан Апақашов 61 жаста. Үш жоғары білімі бар: Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, Нижегородск әлеуметтік-саяси университетін, Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Экономист», «Саясаттанушы», «Агроном» мамандықтары бойынша бітірген. Қарапайым шопаннан басқарушы қызметтерге дейін көтерілген. 2011 жылдан бастап Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болған.

Қайырбек Тұрсынбеков 48 жаста. Ақмола ауыл шаруашылық институтын «Мал дәрігері» мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте, барлық қызметі ветеринариямен байланысты. Тағайындауға дейін Қарағанды облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Дмитрий Карпов 36 жаста. Екі жоғары білімі бар: Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ «Дене шынықтыру мұғалімі, спорт бойынша жаттықтырушы» және «Құқықтану бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген. Жеңіл атлетика бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. «Қарағанды облысы жеңіл атлетика федерациясы» АҚ вице-президенті. Жеңіл атлетика бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командасының штаттағы нұсқаушы-спортшысы (Астана), «Қарағанды қаласының жеңіл атлетика бойынша олимпиадалық резервтің балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі» ҚММ жаттықтырушы-мұғалімі болып істеген. 2015-ші жылдың қазан айынан бастап бүгінге дейін осы мектеп жетекшісі қызметін атқарған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер