BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағандыда көше атауларын өзгертуге дауыс берілді

Фото: karaganda-region.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. Қарағандыда Қазыбек би атындағы ауданда алты көшені атауы өзгертіледі. Жаңа көше атаулары үшін 200-ден астам қала тұрғындары дауыс берді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жаңа атауларды Насыпная, Отвальная, Паровозная, Портовская, Пикетная және Пахотная көшелеріне беріледі. Енді олар Жағалау, Талды, Береке, Саяхат, Самал және Тұмар деп аталады.

Барлық мекенжайлық тақтайшалар қалалық бюджет есебінен ауыстырылады.
Тыңдауларға 200-ден астам қала тұрғындары қатысты. Олардың барлығы Кеңс одағы кезінде берілген көше атаулары ескіргенімен және оларды ауыстыру керектігімен келісті.

Барлық алты көше жеке секторларда орналасқан жәнеде қала орталығынан алшақ. Онда 347 ғимарат орналасқан.

Осыған дейін Қарағандыда Октябрь ауданындағы алты көшеге жаңа атау беру туралы ұсыныс жасалған болатын. 3-я кочегарка – Ардақ, Батарейная – Қайнар, Болотная – Бірлік, Коминтерна – Ынтымақ, Мануфактурная – Ақ қайың, Пионерская – Саялы, Рабкоровская – Серпін, Совхозная – Өркен, Социалистическая – Арман, Торпедная – Арай.
Жаңа атаулар үшін де бір ауыздан дауыс берілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер