Қарағандыда әйелі күйеуін өлтіруге тапсырыс берген - Аймақ|31 Мамыр 2017, 10:39
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағандыда әйелі күйеуін өлтіруге тапсырыс берген

Қарағанды қаласының тұрғыны күйеуін өлтіруді бұрыннан ойластырып жүрген. Ойындағыны жүзеге асыру үшін әйел адам баскесер жалдаған. Алайда оның арам пиғылы іске аспады, деп жазады Baq.kz агенттігінің тілшісі.

Үстіміздегі жылдың 15-ші мамырында Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқармасының қызметкерлері 41 жастағы әйел адамның күйеуін өлтіртпек болып баскесер іздестіріп жүргендігін анықтаған. Аталған факті бойынша сол күні ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-тармағы мен 99-бабы 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

«Полиция қызметкерлері 46 жастағы жәбірленушіні анықтаған. Оған қауіпсіздік шаралары қабылданды. ҰҚКБ қызметкерлері жалған кісі өлтіру операциясын ұйымдастырды. Содан кейін тапсырыс берушіге өлтірілген адамның суретін беру мен орындаушының ақшаны алуы кезінде әйел адам қолға түсті», - дейді облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Облысық ІІД-нің баспасөз хатшысының айтуынша, ұсталған әйел қылмысын мойындаған. Қазіргі уақытта айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу кезінде әйелдің күйеуін өлтіруге тапсырыс беруді бірнеше жыл бойы жоспарлап жүргендігі анықталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер