Қаңтарда Түркістан-Шымкент пойызы іске қосылады - Аймақ|29 Желтоқсан 2018, 16:25
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қаңтарда Түркістан-Шымкент пойызы іске қосылады

Астана, BAQ.KZ. Аталған бағдардағы пойыз аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері жүретін болады. Бұл жөнінде vlast.kz порталы хабарлайды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2019 жылдың 4 қаңтарынан бастап Түркістаннан Шымкенткен бағытталған жаңа теміржол бағдары іске қосылатынын мәлімдеді. Бұл «жолаушыларды жаңа әкімшілік орталықтарға жеткізуді қамтамасыз ету» мақсатында жасалып отыр.

Пойыз тасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері қатынайтын болады. Жол жүру уақыты 2 сағат 15 минутты құрайды.

«Отыратын орындар саны – 175. Пойыз құрамы ауаны жылыту мен желдетудің заманауи жүйесімен, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көтеретін құрылғылар және орындармен жабдықталған», - деп жазылған хабарламада.

Пойызды іске қосудың салтанатты шарасы 2019 жылдың 4 қаңтарында теміржол бекетінің Түркістан станциясында өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер