BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Есірткі алып шыққан жолаушы пойыздан түсірілді

Фото: шартты фото

Астана, BAQ.KZ. Солтүстік шекарадағы Петропавл шекара отрядының «Мамлютка теміржол» өткізу бекетінде желтоқсанның 14-нен 15-не қараған түні «Қарағанда-Мәскеу» бағытындағы № 83 пойыздың вагондарының бірінің тамбурындағы қағаз салатын жәшікшеден шекарашылар целофан дорбашаға салынған кішкентай ғана түйіншек тауып алды.

«Түйіншектің ішіндегі кептірілген өсімдік тектес заттың иісінен оның марихуана есірткісі екендігі топшыланды. Әрі қарайғы жұмыс шекарашылардың «Крит» атты қызметтік итіне тапсырылды. Ол жетекшілерін осы вагондардың купелерінің біріне қарай бастап әкеліп, 34 жастағы қазақстандық азаматты түйіншектің иесі деп «меңзеді». Ұсталған азамат пойыздан түсіріліп, Петропавловск бекетінің желілік полиция бөліміне тапсырылды», - деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер