Енді Ертіс өңірінің екі қаласында электрді 50%-ға дейін үнемдейді - Аймақ|26 Қазан 2018, 11:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Енді Ертіс өңірінің екі қаласында электрді 50%-ға дейін үнемдейді

Фото: автор

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар және Екібастұз қалаларында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде көшелерді жарықтандыру жобасы жүзеге асырылды. Техникалық жағынан күрделі модернизациялаудың арқасында электр энергиясының ақысын 50%-ға дейін үнемдеуге болады.

Кеншілер шаһарында жүзеге асырылған жоба аясында ескіріп қалған натрий шамдары жарықдиодты құралдарға алмастырылды. Осы тектес жұмыстар келер жылы облыс орталығында да аяқталады.

Жоба авторларының есептеуінше, жапондық технологияның арқасында 50 млн. теңге жұмсауға мүмкіндік бар. Бүгінгі күні Екібастұз қаласында 3498 сынапты және натрий шамдары ауыстырылды, сонымен қатар, оқшауланбаған электр желілері қауіпсіз желілермен алмастырылды. Көше жарықтандырудың автоматты басқару жүйесі де іске қосылды. Бағдарлама шеңберіндегі келісімшарт бойынша көше жарықтандыру жүйесі «Горэлектросеть» ЖШС-ға жеті жылға сенімді басқаруға берілді.

«Заманауи шамдар жеті жыл бойы қолданыста болады. Мақсатымыз – кеншілер қаласында «ақылды жарықтандыру» бағдарламасын жүзеге асыру. Мәселен, түнгі уақытта көшелерде адамдар жүрмесе, жарықшамдарды уақытша сөндіріп қоюға болады. Экономикалық жағынан қаражат үнемдейміз. Бұл – келешектің еншісінде. Бұл жобаға 800 млньтеңгеге жуық инвестиция құйдық», - дейді «Горэлектросеть» ЖШС басқарма төрайымы Майгүл Олжабаева.

Көше жарықтандыру желісін бақылаудың көпдеңгейлі жүйесі жарықтандыру құралдарының жұмысын бақылау, мониторинг жүргізу мен ақауларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Республика деңгейінде жүзеге асырылған алғашқы жүйе 100 пайыздық қазақстандық қамту сипатына ие. Жобаны іске асыру барысында еңбек ресурстары, материалдар мен құрал жабдықтандың барлығы отандық.

Айта кетейік, заманауи жарықшамдарды отандық кәсіпорын жасаған. Бүгінгі таңда үнемді шамдар Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Балқаш, Атырау қалаларының көшелерінде жанып тұр. 1 Ватт қуаттылығы үшін 163 люменге дейін жететін шамдар кернеуліктің түсіп кетуіне төтеп бере алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер