BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ертіс өңірінде өндірілетін алюминий шетелдерге экспортталуда

Фото: Автор

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бергі тоғыз айы ішінде Қазақстан электролиз зауыты дайын өнімнің 181 мың тоннасын шетел нарығына шығарды. Былтырғы жылғы көрсеткіш 160 мың тоннадан асқан.

Зауыттың өндірістік жылдық қуаттылығы 250 мың тонна. Негізгі өнімі - А8 және А85 маркалы 20 киллограммдық алюминий құймалары.

Өндіріс ошағы өндіріс жөніндегі президентінің міндетін атқарушы Бауыржан Смайловтың айтуынша, өнімнің 90%-ы шетел нарығына тасымалданады. 20%-ы – Ресейге, 70%-ы Италия, Өзбекстан, Қытай мен Белорусь мемлекеттеріне жеткізіледі. Ал қалған өнім ішкі нарыққа жөнелтіледі. тұтынушылардың қатарында «Павлодар» арнайы экономикалық аймағындағы зауыттар бар.

«Бастапқы алюминийдің басым бөлігін алматылық кәсіпорындар ссатып алады. Шикізат металл профильдерін шығаруда қолданылады. Әлемдік түсті металлдар нарығы үшін өнімнің өзіндік құнын азайтып, өндіріс көлемін арттырады. Қуаттылықты күшейту мақсатында қолданыстағы жоғарыамперлі элестролизерлердің тоқ күшін ұлғайттық. Биылғы жылы бастапқы алюминидің 258 мың тоннасын шығарамыз деген ойдамыз», - дейді Бауыржан Смайлов.

Зауыт өкілінің айтуынша, алдағы он жылдың ішінде өндіріс ошағы 270 мың алюминий өндіруді көздеуде.

Қазақстан электролиз зауыты әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда. Былтырғы жылы кәсіпорын қызметкерлеріне арналған 138 пәтерлі көпқабатты үй қолданысқа берілді. Осы жылы тағы бір баспананың құрылысы аяқталады деп жоспарланған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер