BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елордада келесі жылы ботаникалық бақ ашылады

Фото: GARDENER.ru

Астанадағы ботаникалық бақтың құрылысы 2018 жылдың жазында аяқталмақ. Бүгінге дейін бақта 33 мыңнан астам ағаш отырғызылып, жасанды су қоймасы салынып, вело және жүгіруге арналған жолдар салынды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында «Елордада экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету шаралары» тақырыбында баяндама жасаған Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Аймұхаметовтің мәліметінше, жоба құны - 23 млрд теңге.

«Ботаникалық бақтың ауданы - 92 гектар. Жобаның жалпы құны – 23 млрд теңге, бұл қаржының 12 млрд теңгесі – жеке инвестициялар. Қазіргі таңда бақта 2 жылыжай бар. Олардың біреуінде тропикалық өсімдіктердің 40-тан астам түрі, екіншісінде – шөлді жердегі өсімдіктердің 40 түрі өсірілуде. Нысанның құрылысы 2018 жылдың ортасында аяқталады деп жоспарлап отырмыз», - деді Қосман Аймұхаметов.

Мұнымен қоса, қазіргі таңда Астанада өзен жағасының маңындағы саябақ салынып жатыр. Оның ауданы 141 мың шаршы метр болады. Онда 10 мыңнан астам жапырақты және қылқан жапырақты ағаш отырғызылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер