BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жемқорлыққа қатысты шағымдар жөнінен Оңтүстік Қазақстан алда келеді Эксклюзив

2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сall-орталығына 2,5 мың қоңырау шалынған. Жемқорлық деректеріне көп шағым түсірген өңір – Оңтүстік Қазақстан облысы. Бұл туралы ОКҚ-де өтіп жатқан «Мемлекеттің ашықтығы және есептілігі – заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі» тақырыбындағы конференцияның кулуарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Муксимов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Осы жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сall-орталығына 2,5 мыңдай қоңырау түсті. Қоңыраулардың саны өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға артық. Біздің ойымызша, бұл халықтың аталған орталыққа деген сенімін білдіреді. Қоңырау Оңтүстік Қазақстан облысынан көп түседі. Бірақ бір дерекке назар аударуларыңызды сұраймын. Біз үш сайын деректерге мониторинг жүргіземіз. Әрі ол көрсеткіштер өзгеріп отырады», - деді директор.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер