BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл Қарағанды облысында гуава, құрма, інжірдің өнімділігі жоғары болды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Абай ауданындағы «Топар жылыжайлары» тек өзінің қияр және қызанақтарымен ғана емес, сонымен бірге экзотикалық жемістерімен де танымал. Мұнда 440 түп лимон ағаштары мен оранжерея бар, онда жылу сүйетін түрлі өсімдіктер өседі. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Жылыжайда лимонның екі түрі өсіріледі: «Юбилейный» және «Мейра». Лимонарийдің негізі 2000 жылы қаланды. Ол кезде Өскемен, Мәскеу және Өзбекстаннан көшеттер жеткізілген. Үш жылдан соң алғашқы өнімдер жиналды.

Бүгінгі таңда әрбір лимон ағашынан 100 келіге дейін жеміс жиналады. Бір жылда орташа өнімділік 40 тоннаны құрайды. Жаңа ғана үзілген цитрустар бірден Қарағанды мен Астананың сауда сөрелеріне жеткізіледі.

Жергілікті лимондарды жаңа жылға қарсы сатып алуға болады. Ағаштар қыркүйектен қаңтарға дейін өнім береді. Сонан соң көктемге дейін демалады.

Жылыжайда лимондармен блок бастығының жетекшілігімен екі адам жұмыс істейді: ағаштарды өздері баптап, саты қойып жемістерді қолмен жинайды.

«Ең бастысы – өз ісіңе деген махаббат. Ағаштар адам секілді, күтімді сезінеді. Жайлы климат жасау қажет: температура, тыңайтқыштар. Онсыз ешқандай өнім жинай алмайсың», - дейді «Топар жылыжайлары» ЖШС директоры Сұлтан Мұрсәлімов.

Жылыжай кешенінің оранжереясына күздің соңы және қыстың басында келген жақсы. Қар мен аяздан соң бірден гүлдер мен жеміс ағаштарына толы жұмаққа түскендей боласың. Бұл экзотика – рухани ләззат алу үшін қажет.

Мұнда мандариндер, апельсиндер, грейпфруттар, анар, папайя өсіріледі. Сондай-ақ кофе және зәйтүн ағаштары да бар. Осы көктемде киви отырғызылды. Биылғы жылы гуава, құрма, інжірдің өнімділігі жоғары болды – барлық бұталар жемістерге толы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер