BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл Павлодарда шағын және орта бизнеске 426,9 млн теңге несие берілген

Астана, BAQ.KZ. 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру барысында Павлодар облысында 2018 жылы 426,9 млн теңгеге қолдау көрсетілді.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Павлодар облысы бойынша аймақтық филиалы директорының орынбасары Рустам Қасымов мәлім етті, деп жазды pavlodarnews.kz.

«Бөлінген қаражаттың бүгінгі күні 95 пайызы игерілді. Қалған 5 пайыз жыл соңына дейін игеріледі. Нәтижесінде 100 пайызға қол жеткізетін боламыз. Жалпы, аталмыш бағдарлама іске қосылған сәттен бастап аймақта 3437 шағын және орта бизнес жобаларына 134 миллиард 406 миллион теңгеге несие берілді», - деді Рустам Қасымов.

Рустам Қасымовтың айтуынша, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы асында 2018 жылы 70 жоба 2 млрд 137 млн теңгеге субсидияланған.

«Биыл облысымызда 70 жоба субсидияланған болса, тағы бекітілген, алайда қол қойылмаған 88 жоба бар. Ал, «БЖК-2020» бағдарламасы арқылы осы уақытқа дейін өңірімізде 714 жоба 14 миллиард 349 миллион теңгеге субсидия алды», - деді Рустам Қасымов.

Сонымен қатар, аймақтық филиалдың басшысы жыл сайын кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан әйел адамдардың саны артып келе жатқанымен, жартысынан көбі ер адамдар екенін атап өтті.

«БЖК-2020» бағдарламасы бойынша қазіргі кезде дербес өндірушіге айналған ірі кәсіпорындар несие алса, «Еңбек» бағдарламасын жаңа бастаушылар, жеке кәсіпкерлер пайдаланады. Шағын бизнестер көбінесе халыққа керек тауарларды саудалау және тасымалдау сияқты қызмет көрсетумен айналысады. Оған қоса, жыл сайын әйел адамдардың кәсіпкерлікпен айналысуы артуда. Алайда жартысынан көбі ер адамдар. Екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жасау кезінде ер адамдармен жұмыс жасаған оңай», деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер