BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ауа райына байланысты СҚО-да сабақ болмайды

СҚО, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының барлық ауданында және Петропавл қаласында 24 желтоқсан күні қатты аязға байланысты мектептерде 1-11 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.

- Ауа температурасы -25 градус және желдің жылдамдығы секундына екі метрге жеткен жағдайда 1-4 сыныптарға, температура -27 градус болса 1-9 сынып оқушыларына, ал -30 градустан асса және желдің жылдамдығы секундына екі метрге жетсе барлық сыныпқа сабақ тоқтатылады. Бүгін ауа-райының қолайсыз болуына байланысты барлық сыныптарға сабақ тоқтатылды, - деді Петропавл қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Сұрағанова.

"Қазгидромет" мекемесінің мәліметінше, бүгін Петропавлда ауа температурасы -32 градусқа дейін төмендеген. Түнге қарай Петропавлда -39 градусқа дейін, ал облыс аумағында -40 градусқа дейін аяз тұрады деп болжанып отыр.

Ресми дерек бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында 498 мектепте 71 мыңға жуық оқушы білім алады. Ал Петропавл қаласындағы 36 мектепте 23 мың бала оқиды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер