BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 376.73 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 427.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.75
Астана:

Атырауда қысым датчиктерін өндіретін Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын ашылды

Астана, BAQ.KZ. Жаңа нысан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында пайдалануға берілді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«KMG Automation» - “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ және энергияны басқару мен өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы ірі әлемдік көшбасшылардың бірі «Schneider Electric» компаниясы бірігіп құрған кәсіпорын. Кәсіпорында өндірілетін қысым құрылғылары әр түрлі өндірістік және климаттық жағдайларда кез-келген ортаның қысым деңгейін анықтап, өлшеуге мүмкіндік береді.

Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысының әкімі, жетекші қазақстандық және халықаралық компаниялар мен ұйымдардың басшылары мен өкілдері және жеріглікті кәсіпкерлер қатысты.

"Елбасымыз үкіметке, орталық жергілікті атқарушы органдарға, ұлттық компания басшыларына өнімді шикізат ретінде пайдаланып қоймай, оны терең өңдеп, қосымша құны жоғары өнім шығаруға тапсырма берген болатын. Осы тапсырманы орындау барысында облысымызда полиэтилен шығаратын мекеме ашылды, полипропилен шығаратын мекеме құрылысы жүруде. Бұл істер жалғасын табады. Өлшеу құралдарын шығару кәсіпорнының ашылуы да қажеттіліктің бар екенін көрсетеді. Өнім сапасы мен өнімділікті арттыру жөніндегі мәселелер бақылауда болады. Мамандардың біліктілігі мен тәжірибесі жоғары болғандықтан әлемдік стандарттарға сай өнім шығатынына сенім мол",- дейді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, зауыт бірінші кезеңде датчиктерді серіктестер ұсынатын құрамдас бөліктерден құрастырады, бұл қазақстандық үлесті 60% -ға дейін арттырады. Өндіріс 1 кезеңде болжамды түрде 2000 бірлікке дейін өнім өндіреді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер