BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада өртеніп жатқан көліктің ішіндегі бала құтқарылды

Астанадағы Ұлттық ұланның жауынгерлері кеше кешке жанып жатқан көліктен баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға сағат 20.00 шамасында Астана қаласындағы Алтынсарин көшесінде болған.

Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің жауынгерлері жанып жатқан «Volkswagen Passat» маркалы көлікті байқайды.

Әскери жасақ бастығы Әлімқұл Темірлан мен патрульдер Бейімбет Мұратұлы және Мағжан Айдарханов оқиға туралы дереу әскери жасақ кезекшісі аға лейтенант Ербол Жумин мен патрульдік топ бастығы сержант Қизат Пішембаевқа баяндайды. Артынша Сарыарқа ауданы ІІБ «Барс» кезекші қызметі арқылы өрт сөндіру жасағын шақырады.

Ұландықтар ең бірінші кезекте көлік ішінде абдырап отырған көлік иесінің 4-5 жасар немересін сыртқа шығарады. Содан өрт сөндіру қызметі келгенше уақыт жоғалтпай, оқиға орнын қоршауға алып, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді. Олар көшедегі көліктер мен жақын маңдағы №25 мектептің көбікті өрт сөндіргіш құралдарын пайдалана отырып, жалынды ауыздықтайды.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлім еткендей, көлік иесі 1947 ж.т. Андрюсенко Юрий Петрович дер кезінде көмекке келіп, жамандықтың алдын алған Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне ризашылығын жеткізді. Ол 5573 әскери бөлімі командирінің атына алғыс жолдады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер