BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада көше саудагерлері бірыңғай форма киеді

Астанада көше саудагерлері бірыңғай форма киеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі elorda.info-ға сілтеме жасап.

Кәсіпкерлер бірыңғай формаға қатысты бастаманы бірауыздан қолдады, деп мәлімдеді Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жетекшісі Рысгүл Қауғабева.

Бірыңғай форма бірқатар артықшылықтарға ие.

«Біріншіден, бірыңғай форма тез танылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары сол формаға қарап, заңды түрде жұмыс істейтін саудагерлерді ажырата алады», — деді Р.Қауғабаева.

Жазда «Көше саудасына 1000 орын» бағдарламасы шеңберінде қызғылт-сары түсті жаңа форманы алғаш болып жүзге жуық кәсіпкер пайдаланған болатын. Енді жаңа әмбебап форманы басқа да көше саудагерлері кие бастайды.

«Бірыңғай формаға көшу тәжірибесі сәтті болды. Енді жыл соңына дейін елорда көшелерінде саудамен айналысатан кәсіпкерлердің барлығына енгізуді көздеп отырмыз», — деді басқарма басшысы.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының айтуынша, қазіргі күні арнайы киімнің дизайны, түсі мен жиынтығы елорда кәсіпкерлерімен келісіліп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер