BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда экстремизмді алдын алу мәселелері талқыланды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда «Орталық Азияда білім беру арқылы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын-алу» тақырыбы талқыланды.

Жиын ЮНЕСКО өкілдерінің қатысуымен Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмі талқыланып, білім беру арқылы оның алдын алу мәселесі қаралуда.

“Орталық Азияның географиялық орналасуы күрделі сондықтан біз зорлық-зомбылықтың алдын алатын түрлі бастамаларды қараудамыз. Сонымен қатар бірнеше жастар тобының қазіргі ішкі қатерлі факторға еніп кетуқаупін де талқылаудамыз. Жиында зорлық-зомбылықтың алдын алудағы білім берудің ролі талқылануда. Бұл тұрғыда біз бейбітшілік мәдениеті, толеранттылық, өзара түсіністік сияқты түсініктерді алға тартудамыз. Балалар мен жастар әлемнің азаматы болуы үшін жұмыстар атқарудамыз”, -дейді Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат.

Аталған іс-шара ЮНЕСКО-ның білім беру шараларын күшейту және жәбірлеуді насихаттауға жастардың төзімділігін арттыру, зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын-алу тәсілдерін тиімді және тиісті түрде қамтамасыз ету мақсатында өткізілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер