BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда веложарыс өткізу кезінде бірқатар көше жабылады

Алматыда «Тур Алматы-2017» веложарысы барысында бірқатар көше жабылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі кәсіби веложарыс өтеді, оған Қазақстанның, Францияның, Әзірбайжанның, Иранның, Малайзияның Өзбекстанның, Қытай мен Латвияның, Украинаның, Жапонияның, Италияның, АҚШ-тың, Швейцарияның, Германияның, Ұлыбританияның және басқа да елдердің спортшылары қатысады. Барлығы 20-дан астам команда.

«Тур Алматы» алғаш рет көпкүндік жарыс форматы бойынша екі кезеңде: 30 қыркүйек пен 1 қазанда өтеді.

1 КЕЗЕҢ ( 2017 жыл 30 қыркүйек)

• 9:00 – 10:40 – қалалық айналым (Төле би көшесінің бойымен Фурманов көшесіне дейін, Фурманов көшесінен жоғары Сәтпаев көшесіне дейін, Сәтпаев көшесінен Байзақов көшесіне дейін, Байзақов көшесінен Абай көшесіне дейін, Абай көшесінен Желтоқсанға дейін, Желтоқсан көшесінен Төле би көшесіне дейін)

• 10:40 – 11:00 - ШАЖ – Индустриялды аймақ (Төле би көшесінен Шығыс Айналма Жолына дейін, ШАЖ бойымен Әл-Фараби даңғылынан Индустриялды аймаққа дейін)

• 11:00 – 14:30 – Индустриялды аймақ

• 13:30 – 14:30 – Момышұлы бойымен «Алматы Аренаға дейін» және «Алматы Аренаның» ішкі аумағында мәреге жетеді.

2 КЕЗЕҢ ( 2017 жыл 1 қазан)

• 09:45 – 10:05 - Талғар тракты бойымен «Халық аренадан» басталатын жарысқа дейін

• 10:00 – 14:00 – Шығыс Айналма жолы бойымен – Тұңғыш Президент саябағы

• 12:40 – 14:40 - Достық даңғылы бойымен «Медеу» мұз айдынындағы мәреге дейін

«Қаланы, жарыс бағыттарын, логистикканы және жарысқа қатысушылардың қозғалыс сызбасын, алқалы бәйгеге дайындық барысын зерттей келіп Орталық Азияда осындай спорттық жоба бойынша баламаның жоқ екенін толық сеніммен айта аламын», - деп атап өтті «Тур Алматының» техникалық директоры Пьер Хатсебаут.

Жарыс аясы барысында жанкүйелер және барлық фанаттар үшін Astana Pro Team велоспортшыларымен 28 қыркүйекте спринтерлік жүгіру, конкурстар мен автограф-сессиялар ұйымдастырылады. 29 қыркүйекте командалар ресми таныстырылады және жарысқа қатысушылар ашық жаттығулар өткізеді.

«Мен бесінші, мерейлі жарыс өз мәртебесіне жетті деп ойлаймын. Велосипед жарысы жөнінде дамыған мәдениеті, қоғамдастығы бар Алматы үшін осынау алқалы жарыс өте маңызды» - деп атап өтті Қазақстанның велоспорт федерациясының вице-президенті Аманбек Кульчиков.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, веложарыс «Eurosport» телеарнасы арқылы тікелей эфирден көрсетіледі.



Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
11 Қаңтар 2018, 19:43
АЛМАТЫДА "ҚЫЗЫҚ КӘНСЕРТ"
Пікірлер