Алматыда журналист Ержұман Смайылды ақтық сапарға шығарып салады - Аймақ|28 Ақпан 2018, 10:19
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда журналист Ержұман Смайылды ақтық сапарға шығарып салады

Кеше Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ержұман Смайыл қайтыс болды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«27 ақпанда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті премиясының ең алғашқы лауреаты, «Егемен Қазақстан» газетінің бұрынғы басшысы, еліміздің көрнекті журналисі Ержұман Смайыл өмірден озды», - деп хабарлады Бас редакторлар клубында.

Ержұман Смайыл еңбек жолын «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі болып бастаған. 2003-2010 жылдар аралығында «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті, вице-президенті болды. Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Белгілі журналиспен қоштасу рәсімі Алматы облысында өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер