Алматы облысында Тәуелсіздік күніне орай 35 нысан пайдалануға беріледі - Аймақ|13 Желтоқсан 2018, 10:18
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматы облысында Тәуелсіздік күніне орай 35 нысан пайдалануға беріледі

Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысында 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 35 жаңа нысан пайдалануға беріледі. Олардың қатарында өнеркәсіп орындары, әлеуметтік нысандар, жол, тұрғын үйлер, қайта жаңғыртылған әкімшілік ғимараттар мен басқа да нысандар бар.

Еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнін жетісулықтар толайым табыстармен, игі шаралармен қарсы алуда. Биылғы жылғы осы мерекеге орай жыл соңына дейін жалпы саны 35 нысан ашылады. 6 желтоқсанда Индустриаландыру күнінде Елбасының қатысуымен Қапшағай қаласында онлайн-режимде экспортқа бағытталған, қуаты 21 млрд. теңгелік, 500-ден астам жұмыс орнын құрған «Маревен Фуд» зауыты іске қосылғаны белгілі. Жуырда Талғар ауданында «Nur Kagazy» ЖШС-ның картон-қағаз өнімдерін шығаратын зауыт та өз жұмысы бастады. Сол сияқты бірнеше ауданда тұрғын үймен біріктірілген 15 учаскелік полиция пункті пайдалануға берілуде. Оған қоса бірқатар жетісулықтар қоныстойын тойламақ. Талдықорғанда 64 пәтерлі, Қапшағай қаласында 50 пәтерлік, Үшарал қаласында 60 пәтерлік, Балпық би ауылында 20 пәтерлік жалгерлік және несиелік көп қабатты тұрғын үйлер ел игілігіне ұсынылып отыр.

Сонымен қатар әлеуметтік салаларда да пайдалануға берілетін нысандар баршылық. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Талғар ауданы Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музей ашылады. Облыстық көп салалы балалар ауруханасында неоноталдық хирургия орталығы, Талдықорған көп салалы клиникалық ауруханасында қатерлі ісіктің алдын алуға және оны ерте кезеңде анықтауға бағытталған ситуациялық орталық, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі стационар, Қапшағай қаласында № 4 психолого-коррекция кабинеті, өзге де аудандарда қайта жаңғыртылған мәдениет үйі, мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, шағын және орта бизнес нысандары есіктерін айқара ашты.

Осы қатарда Алакөл ауданының Бескөл стансасында жаяу жүргіншілерге арналған темір жол өткелін, «Алматы - Өскемен» респблибликалық жолының 0-16 шақырымдағы айналма жолын да атап өтуге болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер