BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматы қаласында жыл сайын 500-ден астам өрт оқиғасы тіркеледі – ТЖД

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымына орай жеке үйлердегі улы газ датчиктерін тегін орнатпақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Департаменттің дерегінше, жыл сайын Алматы қаласында 500-ден астам өрт оқиғасы болады. Өрт кезінде жану өнімдерінен улану мен улы газдан иіс тию орын алады. Жыл басынан бері газдан уланудың 6 оқиғасы тіркеліп, 13 адам қайтыс болған. Алдын алу шараларының нәтижесінде күнделікті өмірде газдан уланудан зардап шегушілердің саны 66,6% азайған.

Ауадағы улы заттардың жоғары концентрациясы болған жағдайда, улы газдан қорғау жүйесі тұрғындарға қауіп туралы ескертеді екен.

Арнайы құрылғылар Бостандық және Алатау аудандарындағы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылар мен қарт адамдардардың үйлеріне орнатылған. Алматы құтқарушылары мұндай іс-шаралар жақсы нәтиже беретініне үмітті.

«Бұл датчиктің көмегімен жоғары концентрацияда газбен уланудың мүмкіндігі болмайды. Ауа массалары жабдыққа салынған сенсорлар арқылы қозғалады. Егер улы заттардың рұқсат етілген концентрациясы асып кетсе, улы газ датчигі іске қосылып, төнген қауіп туралы тұрғындардың назарын аударатын дыбыстық сигнал шығарады» - дейді Алматы қаласының ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет Басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Марат Бекбаев.

Бостандық және Алатау аудандарынан басқа, қаланың басқа аудандарында да датчиктерді орнату жоспарланған.

Бұған қоса, 15 қыркүйектен бастап Алматыда «Өрт қауіпсіздігі айы» шарасы өтуде. Өрт қауіпсіздігінің деңгейін көтеру мен өрт және өртпен келетін өлім-жітімді азайтуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру бойынша бағытталған жұмыстарды жүзеге асырған.

Белгілі болғандай, жылу беру маусымының басталуымен тұрғындарға аяздан және қолайсыз ауа райынан қосымша қорғаныс қажет болған кезде өрттің ең көп саны жеке тұрғын үй секторында орын алады.

Өрт шығуының негізгі себептері: газ жабдығын пайдалану ережелерін бұзу, жеке меншік секторда пеш жағу, электр желілеріне жүктемелерді арттыру, жылыту құралдарын пайдалану, отқа сақтықпен қарамау және электр жабдықтарын орнату мен пайдалану ережелерін бұзу.

Өрт қауіпсіздігі айын өткізуге Алматы қаласының ТЖД департаменті мен ІІД қызметкерлері, «Жас Отан» Жастар қанатының еріктілері, Қызыл Жарты ай Қоғамы және Алматы қаласының өрт сөндіру Қызметі қатысты. Алматы қаласының құтқарушылары жеке үйлердің үй-жайларын өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестендіру үшін ескертпелер мен жаднамалар таратып, аулаларда түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

ТЖД мамандары жеке секторд тұрғындарына жылу пешін кем дегенде 2 айда бір рет тазалап тұру керек екеніндігің еске салады.

Жарылған және есігі толықтай жабылмайтын пешті пайдалануға тиым салынады, пешті пайдалану нұсқаулығанда көзделмеген жанғыш заттарды отын ретінде пайдалануға, пештің үстіне жанғыш заттар мен материалдарды кептіруге, үй жиһаздарын жақын орналастыруға, сондай-ақ, жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға және балаларға тапсырып кетуге болмайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер