BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбеде көшпелі қор көрмесі өтеді

Фото: aktobegazeti.kz

Астана, BAQ.KZ. 14 қараша күні сағат 12.00-де облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Бұл туралы aktobegazeti.kz сайты хабарлайды.

Қор көрмесі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көшпелі көрме жобасының басты оқиғасы. Жоба аясында ауқымды ғылыми-білім беру және мәдени-ағарту шаралары, Ақтөбе облысы бойынша көшпелі экскурсиялар ұйымдастырылады. Елбасы кітапханасының қызметі тәжірибесінде «Жәдігерлер сөйлейді» топтамасы бойынша көшпелі дәрістер, музей сабақтары, көшпелі экскурсиялар тәрізді мәдени-ағартушылық қызметтің ерекше түрлері белсенді қолданылып келеді. Олар жәдігерлердің мазмұнын баяндап қана қоймай, тарихи артефактілерді тікелей көруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесі өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында басталып, биыл ақпан айында Түркістан облысында жалғасса, қыркүйек айында Атырау облысында ұйымдастырылды. Жалпы екі жылда көрмені 350 мыңнан астам адам тамашалады.

Жоба Елбасы кітапханасының жинақтарынан ұсынылған қор көрмесіне негізделген. Жинақталған, жүйеленген архивтік, кітап, жәдігерлік кешендер Тәуелсіздігіміздің тарихын, Қазақстанда Президенттік институттың қалыптасуы мен дамуы бойынша бірегей зерттеу, талдау, мәдени-ағартушылық, білім беру, ақпараттық алаңды жасақтайды.

Көрменің негізгі мақсаты – кітапхана жинақтары негізінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тәуелсіз Қазақстанның тағдырындағы рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсету.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер