BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақмолада әлемдегі ең үлкен кәуап әзірленіп жатыр

Фото: интернеттен

Ақмола облысының тұрғындары Гиннес рекордтар кітабына енуге дайындалып жатыр. Олар тауықтан әлемдегі ең үлкен кәуап әзірлеуге дайындалуда. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Марат Иғали Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Кәуаптың ұзындығы 220 метр. Оны бүгін Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласында әзірлейді. Қазір қалада қызу дайындық жүріп жатыр және арнайы үлкен мангалдар қойылды.

Айта кетсек, жыл бұрын әлемдегі ең үлкен кәуап Мәскеу маңындағы Талдомда Қала күні мерекесіне орай жасалған. Ол кезде кәуаптың ұзындығы 210 метр болған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер