BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әкім: Үш жылда СҚО аудандарында 3 мың үй салынады

СҚО, BAQ.KZ. СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов облыстық және республикалық БАҚ өкiлдерiмен кездестi. Кездесуде өңiр басшысы биылғы жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, журналистерге 2019 жылдың жоспарлары жайында айтып бердi.

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, 2019 жылы Елбасының тапсырмасы бойынша облысты дамытудың үш жылдық кешендi жоспары жүзеге аса бастайды.

"Өңiр экономикасының маңызды салаларына 300 млрд теңге қаржы бағытталмақ. Оның iшiнде, үш жылда аудандарда 3 мың үй салынады. Үйлердi салуға болашағы бар 302 елдi-мекен iрiктелдi. Жергiлiктi билiк мәселелердi кешендi түрде шешпек. Яғни, бұл ауылдарда жолдарды және әлеуметтiк нысандарды жөндеуге, ауыз су тартуға қаражат бөлiнедi" - деді ол.

Облыс әкiмi кешендi жоспар аясында қаржы бағытталатын ауылдарды атады.

«Сiздерге нақты мысалдар келтiрейiн. Мысалы, Қызылжар ауданындағы Якорь ауылында 2019 жылы 12 үй салынады. Якорь-Вишневка автожолы жөнделiп, мектеп күрделi жөндеуден өтпек. 15 ауыл тұрғыны отбасылық бизнестi дамыту шағын несие алады. Ғабит Мүсiрепов ауданындағы Ковыльное ауылында 10 отбасы жаңа баспанаға ие болады, мектеп жөнделiп, 8 отбасы өз кәсiбiн бастамақ. Мағжан Жұмабаев ауданындағы Возвышенка селосына да көп қаржы бағыттаймыз. Мұнда 5 үй тұрғызылып, мектеп пен амбулатория жөнделедi. Ауылда ауыз су тарату жүйесi салынбақ. Мұндай мысалдар көп. Сөйтiп, келесi жылы ауылдардың дамуын күтемiз. Ауылдықтар мұны бiрден сезедi», — дедi Құмар Ақсақалов.

Жалпы, облыс бойынша 94 ауылға таза ауыз су жетедi. 600 км автожол күрделi жөндеуден өтедi. 5 миллиард теңге мектептердi жөндеуге бөлiндi.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер