BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

70 мыңнан астам ақтөбеліктің жалақысы өседі

Фото: bilahata.net

Астана, BAQ.KZ. Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында үкіметке ең төменгі жалақыны 1,5 есе көтеруді тапсырған болатын. Мемлекет басшысының қойған міндетін іске асыру нәтижесінде ақтөбеліктердің айлық табысы өспек. Бұл туралы aktobetv.kz сайты хабарлайды.

Жалпылай алғанда, шамамен 70 мыңнан астам ақтөбеліктің жалақысы өседі деп күтілуде. Ол үшін республикалық бюджеттен 4 млрд теңге қаржы бөлінбек. Әрі, тек бюджеттік мекеме қызметкерлерінің ғана емес, түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен компания жұмысшыларының да табысын өсіру көзделген.

Облыс әкімі жалақыны өсіру әрбір саланы қамтуы керек деп қадап айтты. Отырыс барысында, жалақы деңгейін көтеруге қатысты аудан әкімдері, басқарма басшылары баяндады.

Жиын соңында облыс әкімі айлық табысты көтеруге қатысты жұмыстарды одан әрі жалғастыру керектігін айтып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер