Бүгіннен бастап Ақтөбеде жолақы қымбаттады - Аймақ|26 Қазан 2018, 10:32
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгіннен бастап Ақтөбеде жолақы қымбаттады

Ақтөбе, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап Ақтөбеде жолақы қымбаттап, 80 теңге болды. Бұрын қала ішінде қатынайтын автобустарда жол жүру ақысы 55 теңге болатын.

Жаңа тариф бойынша жолақы балаларға 40 теңге, зейнеткерлерге, екінші және үшінші топ мүгедектеріне және Чернобыль апаты салдарын жоюға қатысқандарға 60 теңге болды. Ал тыл ардагерлері мен бірінші топтағы мүгедектер және 18 жасқа дейінгі мүгедектер, 1-2 топтағы зағип азаматтар мен жасы 7-ге толмаған балалар тегін жүрмек.

Бұған дейін қаладағы жолаушылар тасымалы қызметінің 80 пайызын атқаратын "Автопарк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жолақыны 200 теңгеге дейін қымбаттатуды бірнеше рет ұсынған еді.

Автопарктің мәліметінше, 26 қазанға дейін Ақтөбе Қазақстандағы жолақысы арзан қала болды.

Ақтөбеде қала ішіндегі жолаушылар тасымалы қызметін екі мекеме - "Автопарк" пен "ПАТП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарады. Қала аумағындағы 52 маршруттың 18-і "ПАТП" серіктестігінің иелігінде, қалғаны "Автопаркке" тиесілі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер