Жұмыс берушіден еңбек шартын жасасуды талап ету керек – Талғат Разаков   - Қоғам|19 Қыркүйек 2018, 15:12
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жұмыс берушіден еңбек шартын жасасуды талап ету керек – Талғат Разаков  

Фото: интернеттен

10 жұмыс берушіге 1,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Алматыда өткен брифингте Алматы қаласы еңбек инспекциясы және көші қон басқармасының басшысы Талғат Разаков айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Оның айтуынша, мемлекеттік кіріс департаменті жұмыспен қамту орталығымен МЗЖ жоқ жұмыс жасайтындар саны 13 376-ға жетті. Осы тізімнен, 5941 жұмысшының нақты жұмыс орнының атауы белгілі болды, оның бүгінгі таңда жүзеге асырылғаны - 4334.
Жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында еңбек шарттарын жасасу үшін еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша шаралар жүргізілуде. Бүгінгі күні 113 қызметкермен еңбек келісімшартына қол қойылды және 1 205 кәсіпорынға аталған тұлғалардың жұмыс істемейтінін хабарлады.

«Еңбек шарттарын жасасу үшін ұсынылған әлеуметтік және салық жеңілдіктері бойынша 2518 жұмыс берушіге жіберілді. Өздеріңіз білетіндей, жұмысқа қабылдау кезінде еңбек шартын жасасу міндетті болып табылады. Еңбек шартын жасасу міндеттемесі жұмыс берушіге жүктеледі. Қызметкер жұмыс берушіден еңбек шартын жасасуды талап етуге құқылы. Өз кезегінде бұл қызметкердің өзі үшін керек. Өйткені ертең қандайда бір даулы мәселе туындағанда еңбек шартынсыз оны дәлелдеу қиынға соғады», -дейді ол.

Сонымен қатар ол, «Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық акциясын Еңбек министрлігі мақұлдағанын жеткізді.

«Бұл акцияның мақсаты - бейресми еңбек қатынастарын болдырмау және анықтау, еңбек қатынастарының жасырын нысандарын қысқарту және азаматтардың жұмысындағы өз құқықтары туралы ақпараттандыру», -дейді Талғат Разаков.

Басқармамен акция аясында 201 жұмыс берушіге 954 қызметкермен еңбек шартын жасасу бойынша жұмыс жүргізген.

«Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2018 жылдың өткен кезеңінде тексеріс барысында 17 қызметкермен еңбек шартының жасалмағандығынан 17 фактіні анықтады. Нәтижесінде 10 жұмыс берушіге қатысты 1,5 млн теңгеге 10 әкімшілік айыппұл салынған. Еңбек заңнамасының нормативтерін түсіндіру мақсатында қала кәсіпорындарында 4 361 адам қатысқан 215 кездесу өткізілді», - дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер