BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуымыз керек - Даниал Ахметов

Фото: Виталий Иванов

«Жергілікті өзін-өзі басқаруға дербес бюджетті және коммуналдық меншікті енгізу» тақырыбында Шығыс Қазақстан облысында түңғыш рет ауыл әкімдерінің республикалық форумы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Форум жұмысына ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, ШҚО әкімі Даниал Ахметов, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қатысты. Сондай-ақ, Шығыс пен Павлодар өңірлерінен 500-ден аса аудандық маңыздағы қала, ауыл, кент пен ауылдық округтердегі жергілікті атқарушы органдарының өкілдері келді.

2018 жылғы қаңтардың бірінен бастап республикадағы елді-мекендерді қаржыландыру үшін жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін сатылай енгізу басталады.

"Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуымыз керек. Маңызды сұрақтарды шешуде тұрғындар етене атсалысып, билік олардың пікірлеріне құлақ асуы тиіс. Сонда ғана сенім пайда болады. Бірақ, қаражатты дұрыс және тиімді жұмсау үшін әкімдердің білігі мен білімі басқа деңгейде болуы қажет", - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Ауыл тұрғындарының салығының дені бұдан былай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге, абаттандыру, көгалдандыру, жергілікті жолдың жағдайын жақсарту сияқты маңызды мәселелерге жұмсалады. Бұл ретте форумда қаражатты жұмсау бағытын нақтылауға ауыл тұрғындары да білек сыбана кірісулері керектігі ерекше атап өтілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер