Жемқорлыққа қарсы агенттік қызметтік куәліктен бас тартты - Қоғам|13 Ақпан 2018, 08:45
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жемқорлыққа қарсы агенттік қызметтік куәліктен бас тартты

Фото: Kapital.kz

Қаңтар айының соңында өткен Алқа отырысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы мемлекеттік қызметкерлерге ID-карталарды міндетті түрде енгізу қажеттілігі туралы айтып өткен болатын, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Жаһандық өзгерістерге ену үшін күнделікті әдеттерді өзгертуіміз қажет. Біздің алғашқы қадамымыз болып, қажетті мақсатта қолданылмайтын және ескірген әдеттегі «қызметтік куәліктерден» бас тарту болып табылады. Олар бірнеше функциялардан тұратын заманауи ID-карталарымен алмастырылады», - деп мәлімдеді.

Мұндай карталарды пайдалану функционалдық міндеттердің кейбірін тиімді орындауға мүмкіндік береді (деректерді сақтау, объектілер мен ғимараттарға еркін кіру және т.б.), сондай-ақ мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшінің ерекше қызметік мәдениетін айқындап көрсетеді.

Бұл жағдайда қызметтік ғимараттарға кіру үшін қолданыстағы қызметтік куәліктер мен магниттік карталардың орнына ID-карталарды енгізу ұсынылады. Енгізу арқылы қызметтік куәліктерді теріс пайдалану, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту, сондай-ақ бюджет шығындарын оңтайландыру жоспарланған. (қызметтік куәліктердің жасау құны ID-карталарды жасау құнынан кемінде бес есе жоғары).

Қазақстанда мұндай карталарды пайдалану мемлекеттік қызметшілердің тәртіптілігін арттыруға және азаматтарды тану арқылы, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырады. Аталған ID-карталарды пайдалану тәжірибесі АҚШ, Ұлыбритания, Филиппин, Сингапур және Үндістан сияқты елдерде қолданылуда.

Мысалға, Малайзияның тәжірибесі көрсеткендей, карточкалардың қолданылуы халыққа жүгінуге болатын мемлекеттік қызметшілерді анықтауға көмектесіп, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің қызметтерді көрсету кезінде әдепсіздік немесе біліксіздік танытқан, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа жол берген жағдайда шағымдануға көмектеседі.

Бүгінгі күні ID-карталар Агенттіктің барлық қызметкері үшін пилоттық тәртіпте енгізілді. Тәжірибе оң нәтиже берген жағдайда, ID-карталарды алдағы уақытта барлық мемлекеттік органдардың қызметкерлері иемденуі қажет болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер