BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жас сарбаздар шекара қызметімен танысты

ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының Қараой ауылының маңындағы Далалық оқуды қамтамасыз ету басқармасында Алматы гарнизондары бойынша орналасқан әскери бөлімдері жас шекарашыларға арнайы сабақ өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне «Көктем -2018» шақырылымы бойынша мерзімді қызметін өтеуге келген сарбаздарға Мемлекеттік шекараны қорғау үшін пайдаланылатын қару-жарақтар мен әскери техникалардың мүмкіндігі тәжірибе жүзінде көрсетілді.

Шара барысында жас сарбаздарға Мелмекеттік шекарада жиі пайдаланылатын байланыс және инженерлік құрылғылар мен шекарашы киетін киім-кешектің түрлері таныстырылды. Сонымен қатар, азық-түлік, қызметтік аттар мен қызметтік иттердің құрал-жабдықтарын қалай пайдалану керектігі түсіндірілді.

Сондай-ақ көрсетілім сабақтары, сарбаздар шекара нарядының Мемлекеттік шекараны кесіп өткен шекара бұзушыны қызметтік иттің көмегімен ұстауды үйренді.

Жас жауынгерлердің назарына бұдан бөлек қару-жарақтарды атып көрсету, граната лақтыру, пулемет ату және тағы басқа да қаруларды қалай пайдалану керектігі мен әр бір қарудың техникалық сипаттамасы таныстырылды.

Шекара қызметінің арнайы жасақталған «Боран» десанттық мото-моневрлік тобының қатысуымен қаруланған Мемлекеттік шекара бұзушыны ұстау тәсілдері көпшілік назарына ұсынылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер