Астана. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ЕХРО аумағында Қазақстандағы ең алғашқы «Elektrondyq qyzmet ortalyǵyn» ашты.
Астана. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ЕХРО аумағында Қазақстандағы ең алғашқы «Elektrondyq qyzmet ortalyǵyn» ашты.
Орталықта операторлардың қызметін жасанды интеллект - виртуалды кеңесшілер атқарады. Кіре-берісте тұлғаны анықтайтын интеллектуалды бейнебақылау орнатылған. Егер орталыққа келген азаматтың базада биометриялық мәліметтері болмаса, оған тіркеліп, био-мәліметтерін қалдыруға ұсыныс жасалады.
I-sana атты виртуалдық кеңесші келушілерді қарсы алып, қажетті анықтамаларды қалай алу керектігін айтып, секторларға бағыттайды. Осы жерде «M-gov» мобильді қосымшасының мүмкіндіктерімен танысып, SIM картаға ЭЦҚ жазып алуға болады.
«Бүгін, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы 2 үлкен шараны ұйымдастырды. Оның біріншісі, Астана қалаасында ЕХРО аумағында халыққа қызметкөрсету орталығының жаңа буынынын үлгі болатын электронды қызметтер орталығының ашылуы. Ерекшелігі операторлар мүлдем болмайды, тек кеңесшілер жұмыс жасмайтын болады. Оның ішінде виртуалды кезекші бар. Азаматтар жаңа құрылғылар арқылы келіп өз бетімен қызмет алуды үйренеді. Екінші, себебі Ресми түрде Астана және Алматы қалаларында бүгіннен бастап биометриялық мәләметтерді жинау үрдісін басталды»,-дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясысының Қоғаммен байланыс департаментінің директорі Мұрат Жұманбай
Адамның биометриялық мәліметтеріне саусақ ізі мен бет-бейне сканері жатады.
«Астана қаласында бүгіннен бастап азаматтар саусақ іздерін және бет-бейнесінің сканерлік көшірмесін базаға жинауды бастады. Бір рет осындай мәліметті тапсырғаннан кейін азамат мемлекттік қызметтің барлық түрін, төлқұжатсыз ала алатын болады. Бастапқы кезде бұл ақпараттық анықтамалар болады. Себебі статистиканың мәліметінше мемлекеттік қызметтің ішінде кең тараған түрі ақпараттық анықтамалар, сондықтан сұранысқа ие қызметті бірінші қылып енгіздік. Кейін биометриялық идентификация нәтижесінде алынатын қызметтердің шеңбері кеңейтілетін болады», - дейді Мұрат Жұманбай
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!