BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Стамбұлдан ұшаққа жалған құжатпен отырған әйел ұсталды

Астана, BAQ.KZ. Алматыда ҚР ҰҚК Шекара қызметі ел территориясына жалған төлқұжатпен кірмек болған әйелді ұстады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы халықаралық әуежайында шекарашылар «Стамбұл-Алматы» бағытымен ұшып келген ТК-350 әуе рейсін ресімдеу барысында, тексеруге қолдан түзетілген төлқұжат ұсынған әйелді ұстады. Өте шеберлікпен түзетілген төлқұжаттың жалған екенін арнайы аппарат анықтамағанда, жай көзбен танып-білу мүмкін емес еді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Төлқұжат бойынша, ұсталған Ресей азаматы болатын. Алайда, тексеру барысында шекарашылар оның өзбекстандық екенін анықтады.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік шекара туралы Заңының» 19-бабының 10-тармағына сәйкес, ұсталған әйел азаматтығы бойынша өз еліне депортацияланды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер