BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Үркер" ұлттық сыйлығының иегерлері белгілі болды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Бүгін 28 маусым байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні баспасөз, радио және интернет-журналистика саласындағы "Үркер" ұлттық сыйлығының лауреаттары анықталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Салтанатты шара алдында ең бірінші Қазақстан журналистикасына еңбегі сіңген ардагер журналистер, содан соң радио, тележурналистер, басылым редакциялары, өнер жұлдыздары қызыл кілемнен жүріп өтті.

Лауреаттар:

Үздік сараптамалық материал - Әсел Мұқанова (Zakon.kz)
Халықаралық сараптамалық материал - Исабаева Сауле (ЦентралАзияМонитор)
Үздік фотосурет - Тұрар Қазанғапов (Tengrinews.kz)
Үздік репортаж - Илья Астахов (Today.kz)
Үздік интервью - Гүлзина Бектасова (Айқын)
Үздік журналистік зерттеу - Асқар Джалдинов (Time.kz)
Қазақстан туралы үздік танымдық материал - Яков Федоров (Yvision.kz)
Астананың 20 жылдығына арналған материал - Ғалым Омарханов (Қазақ газеттері)
Үздік аймақтық радиостанция - Жұлдыз FM
Үздік аймақтық баспасөз басылымы - "Жетісу" газеті
Үздік қазақстандық радиостанция - Шалқар
Үздік Интернет БАҚ - Informburo.kz
Үздік республикалық баспасөз басылымы - "Егемен Қазақстан" газеті
Үздік вайн - Нұрлан Батыров

Биылғы "Үркер" ұлттық сыйлығы "Қазақ" газетінің 105 жылдығына арналып отыр. Байқау лауреаттарына естелік мүсін мен 1 млн теңге көлемінде қаржылай жүлде табысталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер