BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық инновациялық конкурс өтеді

2018 жылдың 17-маусымы мен 17-қыркүйегі аралығында Қазақстанның ең инновациялық оқушысы, студенті, стартапері, журналисі және аймағы анықталады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бүгін ҚР ИДМ Медиа-орталығында өткен брифингте Технологиялық және инновациялық даму департаменті директорының орынбасары Несіпгүл Есенбаева мен «ТДҰА» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сәбденов конкурсты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ өткізетінін хабарлады.

"Конкурс инновациялық және технологиялық дамуға сұранысты арттыруға, халықтың инновациялық белсенділігін ынталандыруға, инновациялық қызметті насихаттауға, технологиялық кәсіпкерлік пен командалық жұмыстарды дамытуға, технологиялық кәсіпкерлікті жүргізудегі құзыреттерді дамытуға, сондай-ақ, ғылым мен инновациялар тақырыбында жазатын журналистер қоғамдастығын қалыптастыруға, осы тақырыпты насихаттауға және инновациялық процестерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау сапасын арттыруға бағытталған" - дейді Несіпгүл Есенбаева.

Оның айтуына қарағанда, конкурстың жалпы жүлде қоры 28 699 000 теңге.

"Конкурс бес номинация бойынша: жоғары класс мектеп оқушыларының, студенттердің, стартаперлердің, журналистердің және аймақтар арасында ұйымдастырылады. Биыл мектеп оқушылары, студенттер, стартаперлер арасындағы бәсекелестік технологиялық кәсіпкерліктің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл номинацияларға қатысу үшін команда құру керек және бизнес-жоспар мен топ мүшелері рөлінің сипаттамасы арқылы әлеуметтік маңызды тапсырманың технологиялық шешімінің бейне-таныстырылымын дайындау қажет. Аталған номинациялар бойынша жеңімпаздар инновациялық саладағы жетекші елдердің бірінде технологиялық кәсіпкерлік бойынша оқу курсынан өтуге мүмкіндік алады. Екінші және үшінші орын алғандар қомақты қаржылай сыйлыққа ие болады" - дейді ұйымдастырушылар.

Журналистер арасындағы конкурсқа қатысу үшін 2017 жылдың 1 қазанынан бастап 2018 жылдың 1 қыркүйегіне дейін республикалық немесе аймақтық БАҚ беттерінде инновациялық тақырыптар бойынша жарияланған материалдарды ұсыну қажет.

"Байқауға БАҚ барлық түрлері қатыса алады. Бұл санаттағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер қомақты ақшалай сыйлықтарға ие болады. Мектеп оқушылары, студенттер, стартаперлер мен журналистер арасында номинациялар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді қоғам қайраткерлері, депутаттар, инновациялық сарапшылар, БАҚ жетекшілері, халықаралық ұйымдардың өкілдері және т.б кіретін тәуелсіз сараптамалық комиссия анықтайды" - дейді Дәурен Сәбденов.

Сонымен қатар олар, ең инновациялық аймақ 2017 жылғы инновациялар туралы статистикалық деректердің қорытындысы бойынша анықталатынын айтты.

Конкурсқа қатысу шарттары мен өтінім беру мүмкіндігі туралы толық ақпарат конкурстың ресми сайтында - https://natd.gov.kz/activity/nic/ өрсетілген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер