BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық компания 8 мың маманның білімін жетілдірді

Астана. 2 желтоқсан. Baq.kz – «ҚТЖ» ҰК» АҚ –«Теміржол көлігі персоналын дамытуды бағалау орталығы» және Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Тараз қалаларындағы оқу орындарында 230 мамандық бойынша теміржолшылар білімін жетілдірді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында, Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы туралы жолдауында да кадрлердің біліктілігін жетілдіру мен қайта даярлау ісіне баса назар аударды. Бұл өз кезегінде сыртқы дағдардысты қатерлерге қарсы тұрақтылық пен экономиканың нақты қозғаушы күші болатындығын атап өтті.

Жолдауда айтылғандай нақты қолдау еңбекке жарамды, қайта даярлауға ынталылар мен бос орындарды толтыру бағдарламасына қатысушыларға арналуы тиіс. «ҚТЖ» ҰК» АҚ кадрлердің біліктілігін көтеру мен кәсібилігіне тұрақты назар аударып келеді. Ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес кәсіпорындарында ұқсас мамандықтарға даярлау қайта даярлау арнайы сұраныстар бойынша жүргізіледі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ оқу орталығында теміржолшылар жолаушылар тасымалдау, локомотив, вагон шаруашылығы, дәнекерлеу ісі, ақау табушы, тасымалдау үдерісі, электрлендіру мен энергетика, белгі беру және байланыс, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік, өнеркәсіп қауіпсіздігі және басқа да мамандық түрлеріне баулиды.

Өндірістегі кадрлерді ұқсас мамандықтарға қайта даярлау үш айдан алты айға дейін жүргізіледі. Олардың ішінде электровоз, тепловоз машинистері, дрезина жүргізуші, электромеханиктер, станция кезекшілері, жол шебері, жол бригадиріне маңыз берілген.Теміржол көлігі мамандарының персоналық дамыту орталығында оқытуға қажетті барлық жағдайлар жасалған. Онда өндірісте ысылған білікті оқытушылар сабақ береді. Материалдық техникалық базасы жақсы. Оқу зертхана кешенімен, соңғы үлгідегі инновациялық техникалармен жарақтандырылған.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер