Төтенше жағдайлар комитеті Жаңа жыл кешіндегі қауіпсіздік шараларын атады - Қоғам|25 Желтоқсан 2017, 14:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Төтенше жағдайлар комитеті Жаңа жыл кешіндегі қауіпсіздік шараларын атады

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті жаңажылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

ТЖК жаңа жыл кешін өткізу кезінде мына іс-шараларға қатаң тыйым салады:
- салют пен шырша шартылдағын жағуға;
- фейерверк және басқа да өртке қауіпті жарық эффектілерін орнатуға;
- шыршаларды целлулоидты ойыншықтармен, сондай-ақ дәкемен және мақтамен безендіруге;
- балаларды тез тұтанғыш материалдардан тігілген киіммен киіндіруге;
- жарылу және өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізуге;
- бөлме терезелерін қараңғылауға;
- терезе торлары ашылмаған ғимараттарда іс-шаралар өткізуге;
- бөлмелерге белгіленген нормадан тыс адамдар кіргізуге жол берілмейді.


Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мəліметінше, адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде келесі шарттар орындалуы тиіс:
- кемінде екі эвакуациялау жолымен қамтамасыз етілген, терезе торлары ашылған, 2-қабаттан жоғары емес ғимараттар ғана пайдаланылады;
- шыршалар орындарында мықтап бекітіліп, бұтақтары қабырғалар мен төбеге тимейтіндей және орынжайдан шығуға қиындық келтірмейтіндей есеппен орнатылады;
- иллюминацияны электр қондырғыларын орнату қағидаларын сақтай отырып орындау қажет. Иллюминацияда ақау байқалған жағдайда (сымдардың күюі, шамдардың жыпылықтауы, ұшқын шығуы) ол дереу сөндіріледі;
- іс-шараларды өткізу кезінде сахнада және зал бөлмелерінде жауапты адамдардың, өртке қарсы құрылым мүшелерінің немесе өртке қарсы қызметкерлердің кезекшілігін ұйымдастыру қажет. Іс-шаралар өткізілетін орынжайлар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер