BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тегін заңгерлік көмек адвокаттардың азаюына әкеп соқпайды – министр

Қазақстандық адвокаттардың халыққа тегін заңгерлік көмек көрсетуі қорғаушылар санының азаюына әкеп соқпайды. Бұл туралы бүгін ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев халықпен есептік кездесуі кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бұл әлемдік тәжірибе, PROBONO жүйесін орындау ешқашан авдокаттардың негізгі қызметіне кесірін тигізбейді», - дейді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, министр тегін заңгерлік көмектің жұмыс көлеміне тоқталды.

«Әр елде тәжірибе әрқалай. Бірақ бұл мәселе үнемі пікірталас туғызады. Әділет министрлігі «адвокаттар жылына 40 сағат істеуге міндетті» деп отырған жоқ. Бұл адвокат 40 сағат жұмыс істеп, өз жұмысы жайына қалады деген сөз емес. Тегін заңгерлік көмек көрсету бағытында жұмыс көлемін қорғаушылар өздері анықтайды», - деп түйіндеді Бекетаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер