Танымал әнші, термеші Аяз Бетбаев өмірден өтті - Қоғам|08 Сәуір 2018, 12:05
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Танымал әнші, термеші Аяз Бетбаев өмірден өтті

Белгілі термеші, қазақ мәдениетіне ерекше үнімен өлшеусіз үлес қосқан жыршы Аяз Бетбаев өмірден өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы танымал журналист Амангелді Сейітханов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қазақ өнерінің қаранарындай болған жыршы-термеші 76 жасында өмірден өтті.

Ол Шу өңірінде қазақтың ұлттық өнеріне, жыр, термелеріне сусындап өсіп, Жамбыл, Сүйінбай, Кенендердің өнерін жалғастырып, маңдайына ақындық тағдыр жазылып, таңдайына тәтті үн ұялаған, даланың жырын, дананың үнін көкейіне қондырып, болмысына сөз сиқыры дарыған тума талант еді.

Ол – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, «Құрмет» ордені мен Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалінің иегері, ақын, жыршы-термеші. Аяз Бетбаевтың еліміздің мәдениет саласына қосқан үлесі ұшан-теңіз.

Аяз Бетбаев жырлаған "Ақбөпе", "Сағыныш", "Ғашықтар", т.б. жыр-термелері халық жүрегінен ерекше орын алған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер