Талғарлық полицей «героинмен» ұсталды - Қоғам|20 Маусым 2018, 19:19
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Талғарлық полицей «героинмен» ұсталды

Алматы облысы Талғар ауданы ІІБ қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 2018 жылдың 18 маусымында Алматы облысы Талғар ауданы Бесаға ауылында ұсталған.

«ҰҚК департаменті мен Алматы облысы ІІД Жеке қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің бірлескен шұғыл-іздеу шаралары барысында жеке тұлғадан «героин» анаша затын алғаннан кейін Талғар ауданы ІІБ қызметкері ұсталды» - деп хабарлады ІІМ.

Облыстық ҰҚК департаменті ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Мұнымен қоса, ІІД Жеке қауіпсіздік басқармасы да қызметтік тергеуді бастап кетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер