Талдықорғандық оқушы АҚШ-тың ең үздік бес университетіне оқуға түсті - Қоғам|03 Сәуір 2018, 08:52
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Талдықорғандық оқушы АҚШ-тың ең үздік бес университетіне оқуға түсті

Фото: Казахстан - taldykorgan-online.kz

Талдықорғандық оқушы Антон Моргунов АҚШ-тың бес бірдей үздік университетіне түсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі NOVACITY.KZ порталына сілтеме жасап.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы АҚШ-тағы бірнеше ЖОО-ға құжаттарын жіберген. Гарвард, Стэнфорд, Колумбия және Калифорния технологиялық институттары оны қабылдауға әзір екендерін жазған. Сондай-ақ, ол өткен жылдың желтоқсан айында Массачусетс технологиялық институтының грантын ұтып алған-ды. Оқушы әзірге қай университетте оқитынын таңдамағанын айтады.

«Дәл қазір мен таңдау жасауға қиналып тұрмын – Гарвард, Стэнфорд, Колумбия, Калтех және MIT. Бірнеше айды осы ЖОО-ларға талдау жүргізуге арнаймын. Бірақ, менің таңдауым негізінен климат, орналасқан аймағы, қандай да бір орталықтарға жақын болуы сынды майда-шүйделерге байланысты болмақ. Академиялық жағынан алып қарасақ, олардың барлығы бірдей керемет. Сондықтан таңдауым студенттік ұйымдардың нюанстарымен де байланысты болмақ», - деп жазады оқушы өзінің жеке блогында.

Антон Моргунов соңғы екі жылда химия пәні бойынша түрлі олимпиадада жеңіске жеткен. 51-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасында алтын алды. 2015 жылы оқушы Қазақстанда алғашқы ғылыми-танымдық «Квазар» журналының негізін қалады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер