BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Солтүстік Қазақстанның Мағжан Жұмабаев ауданына жаңа әкім тағайындалды

Петропавл, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңір активіне Мағжан Жұмабаев ауданының жаңа басшысын таныстырды. Бұл қызметке ауыл шаруашылығы басқармасын басқарып келген Қайрат Омаров тағайындалды.

Мағжан Жұмабаев ауданын соңғы 3 жылда басқарып келген Асқар Бегманов «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге оқуға аттанбақ. Жиын барысында Құмар Ақсақалов ауданның жаңа әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді.

Қайрат Қайроллаұлы 1979 жылы 15 наурызда бұрынғы Көкшетау облысы Володар ауданы, Прекрасный ауылында туған. «Фемида» Қарағанды заң академиясының Көкшетау филиалын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын экономика бакалавры, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Айыртау ауданы Прекрасный орталау мектебiнде мұғалiм болудан бастады.

2004-2007 жылдар аралығында Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның әдiлет басқармасының жетекшi, бас маманы болып жұмыс iстедi.

2007-2008 жылдар аралығында Айыртау ауданы әдiлет басқармасының бас маманы болып қызмет атқарды.

2008-2012 жылдар аралығында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан бойынша бөлiмiнiң бастығы болды.

2012 жылдан бастап осы тағайындауға дейiн Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң экономика және ауыл шаруашылығы жөнiндегi орынбасары қызметiн атқарды.

2015 жылдан бастап, осы күнге дейін Солтүстiк Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болды.

Жиыннан кейін облыс әкімі аудан орталығы Булаевта жақында ашылған дене шынықтыру - сауықтыру кешенінің жұмысымен танысып, жас спортшылармен, аудан тұрғындарымен тілдесті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер