BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Смартфондарды қуатсыздандыратын вирус анықталды 

Астана, BAQ.KZ. Sophos компаниясының киберқауіпсіздік саласындағы зерттеушілері Android басқаруынағы құрылғыларына арналған аккумулятордың тез отыруына «себепкер» зиянды бағдарламаны анықтады. Бұл жөнінде Lenta.ru порталы хабарлайды.

Зиянды бағдарламалық вирус Google Play дүкендеріндегі бірнеше сервисте анықталып, Andr/Clickr-AD деген атауға ие болды. Зақымдалған қосымшалардың ішінде жарнамалық сілтемелерге өтуді басқаратын және қосымшаның қосылу болу-болмауына тәуелсіз жұмыс жасайтын шерткіш бар болған. Оның тұрақты түрде іске қосылуы аккумулятордың тез қуатсыздануына алып келген. Екі миллионға жуық рет жүктелген 20-дан астам қосымша зақымдалғаны анықталды.

Қаскөйлер өз бағдарламаларын жарнама берушілерге iOS-қосымша ретінде таныстыруы олардың табысын ұлғайтуға алып келген. Қазіргі уақытта зақымдалған бағдарламалар Google Play-ден жойылды.

Сарапшылар антивирустар қолдануға кеңес берді, ал зардап шеккендерге телефонның бастапқы зауыттық қондырғыларын орнатуға кеңес берді. Алайда, мұндай тәсіл құрылғыдағы барлық ақпараттың қшуіне алып келетіні баршаға мәлім.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер