BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шекарашы сарбаздар ант берді

Түркістан облысы, BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатарына 2018 жылдың күзінде шақырылған жас жауынгерлер Отанға адал қызмет етуге ант берді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің барлық әскери бөлімдері мен құрамаларындағыдай, Сарыағаш шекара отрядында да әскер қатарына 2018 жылдың күзінде шақырылған жас шекарашы-сарбаздар Әскери ант қабылдады.

Әскери бөлім командирі подполковник Бауыржан Абсаматов жас сарбаздарды өмірлеріндегі елеулі күнмен құттықтап, оларға шекарашы мамандығының қыр-сырын үйренуді, үздіктер сапынан табылуды тіледі.

"Ант – халқымыз үшін өте қасиетті ұғым. Қазақ үшін - «Ант атсын!» деген қарғыстан қорқынышты сөз жоқ шығар. Сарбаздардың өміріндегі осындай атаулы күні отрядтың бүкіл жеке құрамы парадтық киімдерін киіп, саптық алаңға салтанатты жиынға шықты. Шақырылған қонақтар, ардагер-шекарашылар, ауған соғысының ардагерлері мен сарбаздардың ата-аналары да осында" - дейді Бауыржан Абсаматов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер