BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Шахмат патшалығы» - балалардың шахматқа деген құлшынысын оятады

Астанада «Шахмат патшалығы» 3D мультхикаясының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Шахмат патшалығы» мультхикаясын balapan телеарнасының тапсырысы бойынша Дәрмен Сәдуақасовтың шахмат академиясы түсірген.

Балаларды ақсүйек ойын – шахмат ойнауға үйрету және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуды мақсат еткен жоба қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрермендерге жол тартады.

Айта кетсек, таныстырылымға ҚР жоғары лауазымды тұлғалар, әйгілі спортышылар, қоғам қайратерлері, сондай-ақ өзге де құрметті қонақтар қатысты.

«Бұл жоба интеллектуалды ұлт қалыптастырудың, жас ұрпақтың идеологиялық тәрбиесінің құралы болатының сенімдімін», - деді «Нұр Отан» партиясының хатшысы - Фархад Қуанғанов.

Balapan телеарнасы директорының айтуы бойынша, кішкентай жеткіншектердің шахматқа деген қызығушылығын арттыру олардың басты мақсаты.

«Шахмат патшалығы» жобасы ҚазТРК Balapan телеарнасының тапсырысымен жүзеге асты. Бұл жобаның атап өтетін басты екі ерекшелігі бар. Біріншіден, отандық аниматорлардың туындысы, екіншіден, оқу танымдық балалардың зияткерлік қабілетін, ақыл-ойын дамытуға арналған ақсүйек ойын шахматты дәріптейді. Осы жобаны көру арқылы, қазақ балаларының шахмат ойынына деген құлшынысы оянады деп ойлаймыз. Бұл жобаға шахмат саласындағы ең үздік мамандар тартылды. Аталған жоба идеясының авторы халықаралық гроссмейстер чемпион – Дәрмен Сәдуақасов, ал мультхикаяның әдістемесін жазған әлемге әйгілі жаттықтырушы – Евгений Владимиров. Бұл әдістеме Үндістанда сынақтан өтіп, жақсы нәтижелер көрсетті», - дейді Balapan телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай.

Естеріңізге сала кетейік, аталған мултьсериал туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев та өз ойын білдірген болатын.

Сәбит Ыбырай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер