«Сергек» балалардың құқығын қорғауға септігін тигізді - Қоғам|25 Желтоқсан 2018, 09:59
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Сергек» балалардың құқығын қорғауға септігін тигізді

Астана, BAQ.KZ. Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының прокуратурасы полиция органы және жеке сот орындаушылардың бірлесуімен «Алимент» атты жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады.

Рейд барысында «Сергек» интелектуалды бейне-қадағалау жүйесі қолданылып, шектеу қойылған автокөлік пен иелері жөніндегі мәлімет базасы пайдаланылған.

«Сергек» жүйесінің техникалық интеграциясының негізінде алимент бойынша борышкерге тиесілі көліктерді дербес түрінде анықтауға қол жеткізілген.

Полиция қызметкерлерімен жеке сот орындаушылары көлік құралдарының анықталған мекен-жай бойынша айыптұрағына жеткізілуін қамтамасыз етті.

Борышкерлер қарыздарының өтелуіне қарай көліктер иелеріне қайтарылып отырды.

5 күнге созылған рейд барысында 2 жыл бойы алимент төлеуден жалтарынып жүрген 60 жуық борышкерлердің көлік құралдары құрықталды.

Аталған іс-шаралар барысында борышкерлерден өз балаларын қамтамасыздандыруға 13 млн. теңге алимент өндірілген.

Астана қаласында 3,5 мыңнан артық «Сергек» бейнекамералары орнатылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер