Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі өмірден өтті - Қоғам|24 Маусым 2018, 14:35
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі өмірден өтті

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Парламенті Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл туралы саясаткер Талғат Қалиев мәлім етті.

Ержан Өтембаев 62 жасында дүниеден озды.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев 2006 жылы 20 жылға сотталған. Сот оны саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісін өлтіруге тапсырыс беруші деп таныды.

Жеті жылдан соң, яғни 2013 жылдың желтоқсанында ҚР Бас прокуратурасы саясаткерді өлтіру туралы тапсырысты орындаған Рустам Ибрагимовтың нағыз тапсырыс берушілердің кім екенін айтты.

2014 жылдың қаңтарында бұл іс бойынша сот қайта басталды. Ибрагимов сотта бұл операцияны Әлнұр Мұсаев (ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы - автор) жеке бақылауына алғанын айтты, ал Ержан Өтембаев сол кездегі жағдайдың құрбаны белгілі болды.

Іс материалдарына қарағанда, Өтембаев бұған дейін Ибрагимовке оппозиционерді ұрып-соғу туралы жоспарын айтқан болып шықты, мұны білген Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев жоспарды өзгерткен. Сөйтіп, Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісі оққа ұшқан. Салдарынан Ержан Өтембаев түрмеге отырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер