BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Семейде халықаралық іздеудегі ресейлік азамат ұсталды 

Семей, BAQ.KZ. Ер адамға 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап іздеу жарияланған.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері «Алматы – Новосибирск» хабарламасының жолаушылар пойызы Семей теміржол станциясында аялдап тұрған кезде ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан аумағында тіркеусіз жүрген Ресей Федерациясының 53 жастағы азаматын ұстады.

Көлік полицейлері анықтағандай, ер адам 2017 жылдың желтоқсан айынан бері халықаралық іздеуде болған. Оған қатысты РФ Қылмыстық кодексінің 228-бабының 1-бөлімі (Есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, дайындау, қайта дайындау) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ұсталған азамат Ресей Федерациясына экстрадацияланды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер