BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сейсенбіде тұман түсіп, көктайғақ болады

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 13 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында кей жерде қар жауады, тек батыста және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерде тұман, екпінді жел күшейеді, солтүстікте жолдарда көктайғақ болады.

Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Aлматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түседі, Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, түнде Aтырау, Aқмола, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жолдарында көктайғақ болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер