BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сарыарқа ауданының шет жақтарындағы 100 көше асфальтталған

Фото: astana.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Сарыарқа ауданы аумағындағы «Көктал-1», «Көктал-2», «Агроқалашық» тұрғын алаптарында асфальт төселген. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Бұрын асфальт төселмеген 65 жолға Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жөндеу жүргізді. 2017 жылы ауданда жеке сектордың 35 көшесіне асфальт төселген.

Биыл «Көктал-1» алабында 12 көше (4,78 шақырым), «Көктал-2» алабында 41 көше (18,9 шақырым),«Агроқалашық» алабында 12 көше (5,21 шақырым) асфальтталған.

«Осылайша, соңғы екі жылда ауданымыздың тұрғын алаптарында жүз көше асфальтталды», - деп мәлімдеді аудан әкімдігінің баспасөз қызметінде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер