BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сарапшылар Қазақстан үкіметіндегі өзгерістердің мәнін түсіндірді

Фото: total.kz

Астана, BAQ.KZ. «Сыртқы істер министрлігінің экономикасы, басқару маневрі, әлемдік мәселелерге жауап» – сарапшылар Қазақстан үкіметінің қайта құрылуына баға берді. Бұл туралы Total.kz сайты хабарлады.

26 желтоқсанда Ұлттық экономика және сыртқы істер министрліктеріне функциялар мен өкілеттіктерді беру арқылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қайта құрылуы кезіндегі негізгі шешімдер Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қатысты болды. Бұл қайта құру еліміздің сыртқы саясатының экономикалық құрамын нығайтты. Танымал сарапшылар Мемлекет басшысының шешіміне қатысты пікір білдірді.

«Бұл – ең қажеттіжәне дұрыс шешім. Егер қысқаша түсіндіретін болсақ: Сыртқы істер министрлігі инвестиция саласындағы үйлестіру жұмысын қолға алады, себебі бұл – әлемдік деңгейде бар тәжірибе», - деп санайды қазақстандық танымал блогер Денис Кривошеев.

Сыртқы саясат ведомствосына инвестицияларды тарту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру функцияларын беру Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) мемлекеттерінің, атап айтқанда, Дания, Швеция, Исландия, Канада, Австралия, Бельгия және басқа мемлекетердің озық стандарттарына сәйкес келеді.

Денис Кривошеевтің айтуынша, шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ғана емес, сондай-ақ энергетика және агроөнеркәсіптік кешеннің қорғаныс өнеркәсібі министрліктерінің де қызығушылығын тудырады. Бірақ, мемлекетке ақша түсу бойынша барлық ведомство үшін бір министр ғана жауап берген.

«Бұл функция ҚР Сыртқы істер министрлігіне берілгеннен кейін қаражат тарту стратегиясын жетілдіруге болады. Сонымен қатар, елдің дипломатиялық корпусы мен сауда миссиясымен қосып барлық ресурстар Сыртқы істер министрлігінің қолында», - дейді Денис Кривошеев.

2019 жылы әлемдік экономикаға әсер ететін жаһандық дағдарыстың ұзаққа созылатын жаңа толқыны басталады деп болжануда. Сондықтан Қазақстанға экономикалық дипломатияның әдістерін және құралдарын жетілдіру керек. Осы тұрғыда қарағанда бұл шешім – Елбасының алдағы күні болатын мәселелердің алдын алу болып саналады.

Қазақстанның саясаттанушысы Талғат Қалиев Бейбіт Атамқұловты Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындау – дұрыс шешім деп санайды және бұл өзгерістерді заңдылық деп қабылдайды.

«Бейбіт Атамқұлов – өңірді басқару, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде жұмыс тәжірибесі бар жалғыз кадрлық дипломат. Демек, ол экономиканың нақты секторындағы жұмысты туралы нақты түсінеді және аймақтарға келетін инвесторлар жолында туындайтын барлық тәуекелдер мен кедергілерді біледі», - деп түсіндірді Талғат Қалиев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер